АСТАНА. 20 наурыз. ҚазАқпарат - Кісі өлтірді деген күдікпен іздеу жарияланған елорда тұрғыны Ресейде ұсталды.
Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Нұрділдә Ораз мәлім етті.
«Астанада ағымдағы жылдың наурызында 20 жастағы жігітті өлтіргені үшін іздеу жарияланған 25 жастағы елорда тұрғыны Калининград қаласында қолға түсті», - деді ресми өкіл.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.