Қысқы Бурабай теңдессіз әсем табиғатымен көз тартады

Фото: Фото: "Бурабай" МҰТП баспасөз қызметі

«Қазақстанның Швейцариясы» - Бурабайдың тұмса табиғатын тамашалап, саф ауасын жұтқан ел бұл жерді осылай атайды.

Шуақты жазда да, қытымыр қыста да бұл көзтартар мекенге келетін туристердің қарасы бір үзілмейді. Ақмола облысындағы туристік маусым ресми түрде жаздың аяқталуымен жабылады. Алайда, бұл қыста толық тыныштық орнайды дегенді білдірмейді. Бурабай қыста да көркем. Қар жамылған сұлу өлкенің кереметін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.

Фото: "Бурабай" МҰТП баспасөз қызметі

Kazinform қысқы Бурабай көрінісінен фоторепортаж ұсынады.

Фото: "Бурабай" МҰТП баспасөз қызметі

Көптеген туристер Щучье-Бурабай курорттық аймағына жылдың дәл осы уақытында табиғаттың қысқы сұлулығынан ләззат алу және суық мезгілде қарағайдың сергітетін ауасымен тыныс алу үшін келеді.

Фото: "Бурабай" МҰТП баспасөз қызметі

Бурабай табиғаты көз тартар сұлулығымен қатар ауасының тазалығымен тартымды. 

Фото: "Бурабай" МҰТП баспасөз қызметі

Биік таулар, көгілдір көлдер, қарағай мен қайың ағаштары өлкенің сәнін кіргізеді.

Фото: "Бурабай" МҰТП баспасөз қызметі

Бұдан бұрын Бурабай курортында қысқы маусым ашылғанын жазған едік.

Фото: "Бурабай" МҰТП баспасөз қызметі
Фото: "Бурабай" МҰТП баспасөз қызметі