Головкин ұлттық құрамаға сәттілік тілеп, спортшыларға қолдау білдірді.
Айта кетерлігі, қазақстандық могулшы қыздар Анастасия Городко, Юлия Галышева және Аяулым Әмренова жекелей сында финалға жолдама алған болатын. Екінші іріктеу сынында Юлия 73.08 ұпай, Анастасия 71.52 ұпай, Аяулым 68.98 ұпай еншіледі.
Сонымен қатар Павел Колмаков ерлер арасында фристайл-млгулдан қысқы Олимпиаданың финалына жолдама алды.
11 ақпан күні Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпиада ойындарының бесінші жарыс күні басталды.