Бүгін 7 қазақстандық спортшы екі спорт түрінен жарыс жолына шығады.
Қазақстан құрамасының жарыс кестесі:
17:00 — Шаңғы жарысы, скиатлон (ерлер)
Қатысушылар: Әмірғали Мұратбеков, Виталий Пухкало, Наиль Башмаков
20:00 — Биатлон, аралас эстафета
Қатысушылар: Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов, Айша Ракишева, Милана Генева
Осыған дейін хабарлағанымыздай, 7 ақпан қазақстандық Надежда Степашкина және Ксения Шалыгина шаңғы спортынан жарыс жолына шықты.
Конькимен жүгіру жарысында Надежда Морозова 6-орын иеленді.