Қысқы Олимпиадаға қатысатын қазақстандық шаңғышы қыздардың есімдері белгілі болды

АСТАНА. KAZINFORM – Халықаралық шаңғы федерациясы (FIS) шаңғы жарысы және шаңғы спортының басқа түрлері бойынша 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына қатысу үшін елдерге берілген лицензиялардың нақты санын жариялауға дайындалып жатыр. 

Фото: ҰОК

FIS әлем чемпионатының нәтижелері бойынша квоталарды таратқанымен, әр ел жарысқа қатысатын спортшылардың жеке тізімін өздері жасайды. 

Щучьеде өткен Қазақстан кубогының қорытындысына сай шаңғы жарысы бойынша ұлттық құрама іріктелді. 

– Ксения Шалыгина, Надежда Степашкина және Анна Мельник Милан мен Кортина-д'Ампеццо Олимпиадасында өнер көрсетеді, - делінген хабарламада. 

Еске сала кетейік, бұған дейін 2026 жылғы қысқы Олимпиада бағдарламасында қандай өзгерістер бар екенін хабарлаған едік.