Қысқы универсиада: Қазақстан қоржынына тағы екі медаль түсті
АСТАНА. KAZINFORM - Италияның Турин қаласында өтіп жатқан Қысқы универсиадада бүгін Қазақстан қоржынына бір күміс, бір қола медаль түсті.
Фото: Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы
Ел құрамасынан Денис Зинов парашаңғышылар арасында 10 шақырымға еркін жүрістен мәреге екінші болып келіп, күміс жүлде алды.
Ал аталған сайыста Роман Құрбанов қола медаль иеленді. Ол көзі нашар көретіндер санатында жарысқа қатысып, жүлдеге қол жеткізді.
Фото: Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығыФото: Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы
Айта кетсек, бұдан бұрын 14 қаңтарда Анастасия Городко фристайлдан чемпион атанған еді.
Италияның Турин қаласында өтіп жатқан Қысқы универсиадада қазақстандық 103 спортшы 11 сайыс түрі бойынша бақ сынайды. Олар биатлон, шорт-трек, шаңғы жарысы, мәнерлеп сырғанау, қысқы спорттық бағдарлау, фристайл, тау шаңғысы, ерлер және әйелдер хоккейі, сондай-ақ парашаңғы жарыстары бойынша сынға түседі.
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.