- Осы жылдың 10 айында электр энергиясын өндіру көлемі 102 млрд кВт·сағатты құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 2,3% жоғары. Ағымдағы күзгі-қысқы кезеңде ең жоғары жүктеме 18 200 МВт-қа жетеді деп болжанады. Бұл өткен жылыту маусымындағы ең жоғары көрсеткіштен 3% артық, - деді Ерлан Ақкенженов.
Оның мәліметінше, энергия көздерінің отын қоймаларында 5,8 млн тонна көмір және 137 мың тонна мазут жинақталды. Барлық станция отынның нормативтік қорымен қамтамасыз етілген.
- Министрлік 255 мың тонна көлемінде «әлеуметтік» мазут жеткізу кестесін бекітті. Мазутты жөнелту осы жылдың қыркүйек айынан бастап жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты өңірлердің әкімдіктеріне аталған кестенің орындалуын жеделдету қажет, - деді ол.
Министрдің айтуынша, дебиторлық берешекті азайту жөніндегі арнайы комиссия құрылды. Бүгінгі таңда жалпы берешек көлемі 11% төмендеп, 72 млрд теңгені құрады.
- Сонымен қатар бірқатар жүйелі шаралар әзірленді. Атап айтқанда, берешекті өтеу кестелері бекітілді. Сондай-ақ жыл соңына дейін әкімдіктер энергия көздері алдындағы дебиторлық берешекті өтеу бойынша шаралар қабылдайтын болады. Жоғарыда аталған шаралардың барлығы энергия көздерінің жеткізілген газ үшін берешегін едәуір азайтуға мүмкіндік береді. Жалпы, бұл бағыттағы жұмыс жалғастырылатын болады, - деді ол.
Айта кетейік, елімізде энергетика нысандарындағы технологиялық бұзушылықтар 6%-ға азайды.