Бұл туралы Қытайдың Өнеркәсіп және ақпараттық технологиялар министрлігінің Ғылым және технологиялар департаменті директорының орынбасары Гань Сяобинь алдағы Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясы (WAIC-2026) қарсаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Шенеуніктің айтуынша, жасанды интеллект қызметтерін кеңейту және жетілген цифрлық экожүйені қалыптастыру қытайлық робототехниканың негізгі қозғаушы күшіне айналды. Қазіргі уақытта Қытайдың ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарында ақылды технологиялардың интеграция деңгейі 30%-дан асты.
- Ұлттық жасанды интеллект инвестициялық қоры осы салаға көбірек әлеуметтік капитал бағыттау үшін өз қызметін күшейтіп жатыр, - деп атап өтті ол.
17-20 шілде аралығында Шанхайда «Ортақ болашақ үшін жасанды интеллект серіктестігі» тақырыбымен өтетін WAIC 2026 конференциясында 3 мыңнан астам әзірлеме көрсетіледі. Әлемдік нарықта шамамен 300 өнім тұсаукесерге шығады.
Бұған дейін Қытайда пошта жөнелтімдерін сұрыптауға роботтар тартылғанын хабарлаған едік.