Жүйе генератор орнатылған модулі бар гелий шарынан тұрады. Төрт шақырым биіктікке көтерілетін станция тау биігіндегі қуатты желдерді «аулап», содан өндірген электр энергиясын берік байланған тростар арқылы жерге жеткізеді.
Хунань провинциясының Юэян қаласында жүргізілген сынақтар жүйені қала ішіне орналастырып, қауіпсіз электр энергиясын өндіруге болатынын растады.
Жоба авторларының айтуынша, жүйені пайдалану мерзімі 20 жыл. Кең жер мен қолайлы жер бедерін қажет ететін жел электр стансаларынан айырмашылығы сол, әуедегі платформалар көп жер алмайды әрі кәбіл тарту қиын жерлерді де электрмен тез қамтуға мүмкіндік береді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қытай ашық теңізде әлемдегі алғашқы су асты күн батареяларын сынақтан өткізгенін хабарлаған едік.