Қытай АЭС қуаты жағынан әлемде бірінші орында

Фото: Фото: ҚХР Экология және қоршаған орта министрлігі

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгінде Қытайда жұмыс істеп тұрған, салынып жатқан немесе салуға рұқсат етілген 102 атомдық энергоблок бар. Бұл туралы ҚХР Экология және қоршаған орта министрлігінің сайтында айтылған, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

- Қытайдың құрлықтағы бөлігінде 58 атом энергоблогы жұмыс істеп тұр, 31-і құрылысқа лицензия алды және 13 блок құрылысы мақұлданды. Нәтижесінде энергоблоктардың жалпы саны 102-ге жетті, белгіленген қуаты 113 млн киловатт. Бұл Қытайға әлемде атом энергиясын ең ірі өндіруші атағына ие болуға мүмкіндік беріп отыр, - деп мәлімдеді ҚХР Экология және қоршаған орта министрлігі Ядролық энергетика қауіпсіздігін қадағалау департаментінің директоры Хоу Иньдун.

Мемлекеттік энергетика басқармасының мәліметінше, Қытайдың жел және фотоэлектр станцияларының орнатылған қуаты 2025 жылдың наурыз айында 1 млрд 482 млн киловатқа жетіп, тарихта алғаш рет жылу электр станцияларының қуаттылығынан асып түсті.

Қытай билігі экономиканы декарбонизациялау әрекеттерін күшейткендіктен, елде соңғы жылдары энергетиканың жаңа дамуының қарқынды өсуін байқалып отыр.

Айта кетейік, Қытай Панама каналындағы порттардың сатылуына тексеру жүргізуді талап етіп отыр.