Қытай аумағында жер сілкінді

АСТАНА.KAZINFORM - Сейсмологтар 15 мамыр түні Қытай аумағында 4,5 магнитудалы жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Қазақстан Ұлттық деректер орталығы.

Фото: oxu.az

ҚР Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институтының Қазақстан деректер орталығы мәліметі бойынша, 2026 жылдың 15 мамырында Қытай аумағында Астана уақыты бойынша сағат 00:23-те жер сілкінісі тіркелді.

Эпицентр координаттары: солтүстік ендік бойынша 41,32 градус, шығыс бойлық бойынша 84,00 градус. Магнитудасы - 4,5. Энергетикалық класы K = 10,7. Тереңдігі h = 20 км.

Бұған дейін Тегеран маңында 4,6 балдық жер сілкінісі болғанын хабарлаған едік.