Қытай билігі төрт провинцияда төтенше режим енгізді
АСТАНА. KAZINFORM — Қытайда «Матмо» тайфуны салдарынан болуы мүмкін нөсер жаңбырға байланысты су тасқынына қарсы төтенше әрекет ету режимі енгізілді, деп хабарлайды Синьхуа.
Қытайдың Су ресурстары министрлігі сенбі күні «Матмо» тайфунының ықтимал әсерінен туындауы мүмкін нөсер жаңбыға байланысты төрт провинциялық деңгейдегі әкімшілік аумақта су тасқынына қарсы 4-деңгейлі төтенше әрекет ету режимін іске қосты.
Болжам бойынша, 2025 жылдың 4–7 қазан аралығында осы жылдың 21-ші тайфуны саналатын «Матмо» елдің оңтүстік және оңтүстік-батыс аймақтарында, әсіресе Гуандун, Хайнань, Юньнань провинцияларында және Гуанси-Чжуан автономиялық ауданында қатты нөсер жауын тудыруы мүмкін.
Осы кезеңде кейбір жергілікті өзендердегі су деңгейі қауіпті межеден асып кетеді деп күтілуде.
Айта кетелік Қытайдағы жер сілкінісінен 9 адам зардап шеккен еді.