Қырғызстан сейсмология институтының мәліметі бойынша, жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында Қаракөлден оңтүстік-шығысқа қарай - 137 км, Каджысайдан оңтүстік-шығысқа қарай - 150 км, Нарыннан оңтүстік-шығысқа қарай - 275 км, Бішкектен оңтүстік-шығысқа қарай - 300 км жерде орналасқан.
Эпицентрдегі жерасты дүмпуінің қуаты 8 балға жетті.
Қырғызстан елді мекендері Құм-Торда — 5, Қаракөл, Нарын, Бішкек, Каджысай қалаларында — 3 балл болды.
Қырғыз ТЖМ алдын ала дерегінше, жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендер мен қираған ғимарттар болған жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, 23 қаңтарда сағат 00:09–да Қырғызстанда жер сілкінісі болды.
Көптеген қала тұрғындары үйлерін тастап, сыртқа шықты.