Бұл жағдайды сейсмикалық стансалар желісі тіркеген.
Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 348 шақырым жерде, Қырғызстан мен Қытай шекарасы аумағында болған.
Зілзаланың энергетикалық санаты — 9.8.
MPV магнитудасы — 4.5.
Тереңдігі — 15 шақырым.
«MSK-64 бағаны бойынша Қазақстан аумағында сезілген жоқ», — делінген кезекші оператордың хабарламасында.