Қытай онлайн-сауда мен тікелей эфирдегі коммерцияны қатаң реттейді
АСТАНА. KAZINFORM — Сәрсенбі күні Қытай билігі елдегі тікелей эфирдегі электрондық коммерция мен онлайн-сауда платформаларын одан әрі реттеуге арналған екі жеке құжат жариялады, деп хабарлайды Синьхуа.
Бірінші құжат Қытайдың Мемлекеттік нарықты реттеу басқармасы мен Интернет ақпаратын реттеу мемлекеттік кеңсесі бірлесіп шығарған, онда онлайн-трансляциялар мен маркетологтар үшін міндеттер мен мінез-құлық шектеулері көрсетілген.
Жаңа ережелерге сәйкес, стримингтік платформалардағы тікелей эфир залдары мен маркетологтерге жалған жарнама жасау, коммерциялық қаралау жүргізу, заңсыз өнімдер мен қызметтерді сату тыйым салынады.
Екінші нормативтік акт онлайн-сауда платформаларына арналған. Онда онлайн-сауданы тәртіппен жүргізу және барлық тараптың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау міндеті көрсетілген.
Жаңа ережелерге сәйкес, платформалар өз ережелерін саудагерлерге негізсіз шектеу қою немесе ақылға қонымсыз төлемдер талап ету үшін пайдалана алмайды. Сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын шектемеуі, деректерге негізделген баға айырмашылығын қолданбауы және мүшелік шарттарын біржақты өзгертпеуі тиіс.
Құжаттардың тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету үшін екі ведомство ақпарат алмасу және бірлескен кеңестер арқылы өзара ынтымақтастықты күшейтеді. Онлайн-платформаларға өздігінен бағалау жүргізіп, ережелерді сақтау туралы есептерін тұрақты түрде жариялау ұсынылады.
Бұған дейін хабарланғандай, Қытайда жерлеу қызметін реттеу ережесіне өзгерістер енгізілді.