Қытай Пәкістанның жер серігін ғарышқа ұшырды

Фото: Синьхуа

АСТАНА. KAZINFORM – Қытай Пәкістанның «PRSC-EO3» жер серігін сәтті түрде ғарышқа ұшырды, деп хабарлайды Синьхуа.

Ұшыру Шаньси провинциясындағы Тайюань ғарыш айлағынан жүзеге асырылды. Спутник Бейжің уақытымен 20:15-те «Чанчжэн-6» зымыран тасығышының көмегімен орбитаға шығарылған.

– Жер серігі белгіленген орбитаға сәтті жеткізілді, – делінген хабарламада.

Бұл «Чанчжэн» сериясындағы зымырандардың 640-шы ұшу миссиясы болды.

Айта кетейік, бұған дейін Қытай биыл ауқымды ғарыштық бағдарламаны жүзеге асыратыны хабарланды.