Сынақ Қытайдың 16-шы Арктикалық экспедициясы аясында «Цзиди» полярлық мұзжарғыш кемесінің бортында өтті. Мамандар жұмыс барысында жалпы көлемі 100 ГБ-тан асатын 300-ден астам файл жіберіп, 40-тан астам бейнеконференция өткізді.
Экспедиция барысында ғалымдар Қытайда жасалған мұхиттық қалқымалы бақылау құрылғыларын алғаш рет сынақтан өткізді. Нәтижесінде деректерді халықаралық спутниктік жүйелерге сүйенбей жинау және жеткізу мүмкіндігі іске асырылды.
Экспедиция қатысушыларының айтуынша, жаңа желі шалғай аймақтардағы ақпарат алмасу мәселесін шешіп, полярлық өңірлер мен биік таулы аумақтарды тұрақты байланыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұған дейін Қытайда спутник арқылы хабарлама алмасуға арналған көпшілікке қолжетімді қызмет іске қосылғаны хабарлаған едік.