АСТАНА. KAZINFORM – 3 қыркүйекте Қытайдың Ляонин үлкен театрының «YOLO» оркестрі Шыңжаңдағы Шәуешекте концерт қойып, жергілікті қазақтардың ұлттық оркестрімен өнер жарастырды. Бұл жолы қойылған өнер бәсекесі өте көңілді болды, деп хабарлайды Қытайдың «Халық газеті» басылымы.
Қытайлық БАҚ-тың келтірген мәліметтеріне сүйенсек, 23 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Ляонин үлкен театрының «YOLO» оркестрі Шыңжаңның Іле қазақ автономиялы облысына қарасты Тарбағатай аймағының үш жерінде концерт қойған.
Айта кетейік, бұған дейін Казинформ тілшісіне Қытайдағы «қазақ күрес» қоғамның төрағасы, үздік жаттықтырушы, мемлекеттік I дәрежелі төреші Сұрабалды Ахметұлы Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойынына қытай қазақтары арасынан әртүрлі салмақ бойынша 8 балуан келіп қатысқалы жатқанын мәлімдеген болатын.
Бейсен Сұлтан
Сұлтан Бейсен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің түлегі. Еңбек жолын 2007 жылы "Жазушы" баспасында редактор болып бастаған. 2008 жылы "Ара" журналында, 2010-2011 жылы Алматы облысының "Талдықорған кеші" газетінде тілші, 2012 жылы "Талдықорған Севен" газетінде тілші болып жұмыс істеген. 2013 жылы сәуір айынан бастап "ҚазАқпарат" ХАА-нде Төте жазу редакциясында шығарушы редактор болып жұмысқа орналасқан