Қытайда 2 балдық 6 жер сілкінісі тіркелді

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі өткен тәулікте 30 қаңтарда Қытай аумағында 2 баллдық 6 жер сілкінісін тіркеді. Бұл туралы аталған органның баспасөз қызметі мәлім етті.

Фото: Freepik


Қытай аумағында болған 2 баллдық 6 жер сілкінісінің 1-і Қазақстан аумағында 04:27-де сезілді. Эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 293 км жерде Қытай аумағында орналасқан.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат болған жоқ.

ТЖМ мамандарының мәліметінше, жағдай тұрақты.

Мамандар азаматтарға сабыр сақтап, дүрбелеңге берілмеуге кеңес береді.