Жедел мәліметтерге сәйкес, жер сілкінісі 29 қазанда Астана уақыты бойынша таңғы сағат 3:42-де (28 қазанда Гринвич уақыты бойынша кешкі сағат 22:42-де) тіркелген.
Жер сілкінісінің эпицентрі Қытайда, солтүстік ендік бойынша 44,33 градус және шығыс бойлық бойынша 82,71 градус координаттарда орналасқан.
Жер сілкінісінің магнитудасы 4,8, ал энергетикалық класы 11 болды.
Бұған дейін Қытай аумағында 28 қазан күні кешке магнитудасы 5,1 болатын жер сілкінісі тіркелгенін жазған едік.