Қытайда 4,8 балдық жер сілкінісі болды

АСТАНА. KAZINFORM – Қытайда бүгін, 8 тамыз таңертең 4,8 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Қазақстан ұлттық деректер орталығы.

Фото: Анадолы

– 2026 жылдың 8 тамызында Астана уақыты бойынша сағат 08:45-те (GMT бойынша сағат 03:45) Қытайда жер сілкінісі болды, - делінген хабарламада.

ҚР Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институты деректер орталығының мәліметі бойынша, жер сілкінісінің магнитудасы 4,8 болды.

Эпицентрі солтүстік ендіктің 39,97 градусында және шығыс бойлықтың 82,99 градусында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы K=11 болды.

Қазақстандық сейсмологтар бұған дейін Қытай аумағында магнитудасы 4,1 болатын жер сілкінісін тіркеген болатын.