ҚР Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институты Қазақстан деректер орталығының деректеріне сәйкес, жер сілкінісі 22 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 21:09-да (Гринвич уақытымен сағат 16:09) Қытайда тіркелген.
Эпицентрдің координаттары солтүстік ендік бойынша 42,04 градус, шығыс бойлық бойынша 81,99 градус. Магнитудасы 5,0. Энергетикалық класы 11,7.
Айта кетейік, Түркияның оңтүстігіндегі Адана провинциясында 5 балдық жер сілкінісі болды. Дүмпу көршілес төрт өңірде де сезілді, бірақ зардап шеккендер жоқ, ғимараттар қирамаған.