Жүйе үлгіні орналастыру, бейнелеу және деректерді өңдеу сияқты талдаудың барлық кезеңін толық автоматтандырылған режимде, адам қатысуынсыз орындайды. Бұл микродүниені анағұрлым дәл әрі көрнекі зерттеуге мүмкіндік береді.
Трансмиссиялық электронды микроскоптар жаңа материалдарды әзірлеу, энергетика, химиялық инженерия және биология ғылымдары үшін негізгі құралдардың бірі саналады. Алайда жүз жылға жуық уақыт бойы мұндай құрылғылар қолмен басқарылып келді, бұл жұмыс тиімділігінің төмен болуына, нәтижелердің субъективтілігіне және сандық талдау жүргізудегі қиындықтарға әкелген.
Осы мәселелерді шешу үшін ғалымдар Қытай ғылым академиясы жанындағы Шэньян автоматтандыру институтының зерттеушілерімен бірлесіп жұмыс істеді. Олар интеллектуалды микроскопқа арналған толық автономды қабылдау, талдау және басқару алгоритмдерін әзірледі.
Жоба барысында бес негізгі технологиялық міндет шешілді: жоғары вакуум жағдайында үлгілерді интеллектуалды тасымалдау, оптикалық кескінді автономды реттеу, нанометрлік нысандарға дәл бағытталу, нақты уақыт режимінде суреттерді автономды түрде алу және талдау, сондай-ақ барлық ішкі жүйелердің жұмысын үйлестіру.
Айта кетейік, Қытайда жол қозғалысын реттейтін роботтар пайда болды.