Xueba 01 атты робот Қытайдағы жетекші өнер оқу орындарының бірі — Шанхай театр академиясына (STA) қабылданды. Ол докторантура бағдарламасы аясында дәстүрлі қытай операсын тереңдетіп зерттейді. Сабақтар 14 қыркүйекте басталады. Оқыту құны жарияланған жоқ.
Бұл робототехника саласындағы докторантура бағдарламасы — өнер мен технологияны біріктіруге бағытталған ғылыми жобаның бір бөлігі.
Роботтың сипаттамасы:
Биіктігі: 1,75 метр
Салмағы: шамамен 30 келі
Сыртқы келбеті: силикон терісі бар сымбатты ер адамға ұқсайды
Киімі: көзілдірік, көйлек және шалбар
Тілі: адамдармен қытай тілінде сөйлеседі
Робот докторанттармен бірге опералық қойылымдарды дайындықта жасап, сабақтарға қатысып отырады.
Бұрынғы жетістігі:
Xueba 01-дің алдыңғы нұсқасы дүниежүзіндегі алғашқы гуманоид жартылай марафонында үшінші орын алған.
Қоғамдық реакция:
Жаңалық әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті.
— Xueba 01 — адам мен робот арасындағы қатынастарда маңызды миссияны өз мойнына алды. Біз ақыры роботтармен бірге өмір сүріп, бірге білім алатын деңгейге жеттік. Оның жолы болсын!, — деп бір қолданушы жазды.
Алайда скептикалық көзқарас білдірген де болды.
— Өнерге өмірлік тәжірибе керек. Алгоритммен басқарылатын роботтың туындылары адамдардың жүрегіне шынайы әсер ете алмайды, — деп жазды басқа қолданушы.
Айта кетейік, бұған дейін гуманоид роботтың Дубайда жолдан жүгіріп өткен видеосы әлеуметтік желілерде вирусқа айналған болатын.