Институттың Жер сілкіністері деректер орталығының жедел мәліметтеріне сәйкес, 2026 жылғы 3 мамырда Астана уақыты бойынша сағат 23:39–да Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді.
Мамандардың дерегіне сәйкес, жер сілкінісінің магнитудасы 5,1 болған, ал ошағы 10,8 шақырым тереңдікте орналасқан.
Айта кетейік, Қытайда бір күнде осымен екі мәрте жер сілкінді.
Бұған дейін Каспий теңізінде де жер сілкінген болатын. Жер асты дүмпулерінің ошағы 27 шақырым тереңдікте орналасқан.