Қытайда оқушылардың үй тапсырмасын ЖИ тексеріп жатыр

Фото: Xinhua News

АСТАНА. KAZINFORM — ҚХР Сыртқы істер министрлігінің өкілі Мао Нин X әлеуметтік желісіндегі парақшасында Қытайдағы білім беру процестеріне жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын енгізілуін көрсететін бейнеролик жариялады, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі. 

Автоматтандыру процесі жазбаша тапсырмаларды сканерлеуді және оларды интеллектуалды жүйе арқылы лезде талдауды қамтиды. ЖИ мүмкіндіктері мұғалімнің тікелей араласуынсыз жылдам кері байланыс беріп, қолжазба есептердің шешімдерін дәл түсіндіруге мүмкіндік береді.

Бейнеролик X әлеуметтік желісінде және қытайлық Weibo микроблогтар қызметінде кеңінен тарады.

Бұған дейін Қытайда ЖИ арқылы басқарылатын алғашқы мейрамхана ашылғанын жазған едік