Рекорд 22 тамызда Гуманоид роботтардың екінші дүниежүзілік ойындары басталар алдындағы сынақ жарысында тіркелді. Жарыс кезінде роботтың ең жоғары жылдамдығы секундына 14,5 метрге жетті.
22-26 тамыз аралығында Қытай астанасында өтіп жатқан турнирде «Найзағай» 100, 400 және 1500 метр қашықтықтарға жүгіруден де сынға түседі. Жалпы, ойындар бағдарламасына 51 спорт түрі бойынша 1 300-ден астам жарыс енгізілген.
Биыл жарыстар бағдарламасына тұңғыш рет ұзындыққа секіру, ауыр атлетика, арқан тарту және үстел теннисі секілді спорт түрлері қосылды. Ойындарға 16 елден 2 056 робот пен 666 команда қатысады.
Еске салайық, бұған дейін Бейжіңде кеспехана аспазы мен даяшыларын толықтай робот алмастырғанын жазғанбыз.