Жүйеде қолданылатын ID-аутентификация роботтың бүкіл өмірлік цикліне арналған бірегей нөмір болып саналады. Ол азаматтардың жеке сәйкестендіру нөміріне ұқсас.
Идентификациялық код төрт деңгейлі тексеру құрылымынан тұрады. Оның ішінде мемлекет коды, өндіруші кәсіпорынның дерегі, өнім моделі және құрылғының жеке сериялық нөмірі бар.
Цифрлық ID арқылы роботтың техникалық қызмет көрсету тарихын, жұмыс журналдарын және ақаулар туралы мәліметтерді жедел көруге болады. Бұл жүйе ақаудың нақты себебін анықтауға және жауапты тарапты белгілеуге көмектеседі.
Сонымен қатар жаңа жүйе роботтарды кәсіпорындар арасында қайта тексерусіз тасымалдауды жеңілдетіп, техниканы пайдалануға беру уақытын қысқартады.
Осыған дейін Қытайда жол қозғалысын реттейтін роботтар пайда болғаны туралы жаздық.
https://kaz.inform.kz/news/kitayda-zhol-kozgalisin-retteytn-robottar-payda-boldi-757b1139