Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының Геофизикалық зерттеулер институты деректер орталығының хабарлауынша, Қытайда 2026 жылғы 3 мамырда жер сілкінісі тіркелді. Оқиға Астана уақытымен сағат 15:00-де (GMT 10:00) болды.
Жер сілкінісінің эпицентрі 42,21 градус солтүстік ендік пен 88,36 градус шығыс бойлық координаталарында орналасқан.
Магнитудасы mb=5,0 және энергетикалық класы K=12,0 деп бағаланды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Каспий теңізінде тағы да жер сілкінісі тіркелгенін хабарлағанбыз.