Қытайда жер сілкінді

АСТАНА.KAZINFORM - Қытай аумағында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Қазақстан ұлттық деректер орталығы.

Фото: Қазақстан ұлтттық деректер орталығы

Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институты деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, 2026 жылғы 23 маусымда Астана уақытымен сағат 20:29-да (Гринвич уақыты бойынша 15:29) Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің ошағы солтүстік ендіктің 38,13 градусы мен шығыс бойлығының 95,05 градусында орналасқан.

Жер сілкінісінің магнитудасы — 5,6.

Энергетикалық класы — 12,8.

Осыған дейін Филиппиндегі жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 78 адамға жеткені туралы жаздық.