Қытайда жер сілкінісінен 13 адам зардап шекті

АСТАНА. KAZINFORM — Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясындағы Ибинь қаласының әкімшілік бағынысты Гаосянь уезінде 5,5 балдық жер сілкінісінен қаза тапқандар туралы хабарлама келіп түскен жоқ, деп хабарлайды Синьхуа.

Фото: Синьхуа

Ибинь қаласы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсету штабының мәліметінше, он үш адам жеңіл жарақат алды, ал 196 адам эвакуацияланып, уақытша пунктерге орналастырылды.

Еске салсақ, жер сілкінісі 29 маусымда Бейжің уақыты бойынша 00:12–де болған.

Қытайдың сейсмологиялық басқармасы дүйсенбіде Сычуань провинциясының (оңтүстік-батыс Қытай) Ибинь қалалық округінің Гаосянь округінде 5,5 балдық жер сілкінісінен кейін 3-деңгейдегі жедел әрекет ету режимін енгізді.