Жергілікті биліктің дерегіне сәйкес, өрт 9 шілдеде Чэньдай кентінің Цзянтоу ауылында орналасқан Huiteng Shoes Co., Ltd. компаниясының фабрикасында шыққан.
Өрт тұтанған сәтте кәсіпорында 237 жұмысшы және жеткізу қызметінің екі қызметкері болған.
Жалпы саны 213 адам эвакуацияланды. Алайда олардың екеуі дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, ауруханада көз жұмды.
Сонымен қатар із-түзсіз жоғалғандар қатарында болған 26 адамның қаза тапқаны расталды.
Бұған дейін ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Қытайдың шығысындағы аяқ киім фабрикасындағы өрттен кейін іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге бар күшті жұмылдыруға шақырғаны хабарланды.