АСТАНА. KAZINFORM — Қытайда өткен «Belt and Road» халықаралық турнирінде қазақстандық боксшылардың нәтижесі белгілі болды.
Халықаралық турнирде әйелдер құрамасынан Жайна Шекербекова (54 келі), Римма Волосенко (60 келі), Валентина Хальзова (75 келі), Ләззат Кунгейбаева (81 келіден жоғары) алтын медаль алса, Сәния Сұлтан (54 келі.) күміс, Зере Махабай (57 келі), Мәдина Нұршаева (66 келі), Дариға Шәкімова (66 келі) қола жүлдегер атанды.
Ал жастар құрамасынан Арнұр Рустем (65 келі), Хамза Мақсатұлы (70 келі), Руслан Ахметов (90 келі), Владислав Саможонов (90 келіден жоғары) жеңіс тұғырына көтерілсе, Бейбарыс Тәжібек (70 келі), Санжар Сейткамит (90 келі) екінші, Зуфар Сайтфудинов (50 келі), Айдос Үсенов (55 келі), Қажымұқан Күмісбек үшінші орынға табан тіреді.
Еске салсақ, бокстан халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы командалық есепте бірінші орын алды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.