- Маршрут ҚХР, Қазақстан, Өзбекстан және Ауғанстан арқылы өтеді. Жүк құрамдары Қытай шекарасын Қорғас бақылау-өткізу пункті арқылы кесіп өтіп, Қазақстан Республикасының аумағы (Алтынкөл станциясы) арқылы, содан кейін Өзбекстан Республикасы (Галаба станциясы) арқылы өтіп, соңғы межелі пунктке – Хайратон қаласына (Ауғанстан) шамамен 12-15 күнде жетеді, - делінген ҚТЖ хабарламасында.
Осы бағыт бойынша алғашқы пойыз Туаньцзецунь станциясынан (Чунцин қаласы, ҚХР) жолға шықты. Құрамына телекоммуникациялық жабдықтары бар 55 контейнер кіреді.
Бұл бағыттың ашылуы Қазақстанның стратегиялық транзиттік хаб ретіндегі басты рөлін нығайтады.
Еске салсақ теміржол арқылы жүк тасымалын арттыру бойынша 4 ірі жоба жасалып жатқаны туралы жазған едік.