Жерасты дүмпуі 4 қыркүйек күні Бейжің уақыты бойынша сағат 01:04-те Цинхай провинциясының Хайси-Моңғол-Тибет автономиялық округінде болған.
– Жер сілкінісінің эпицентрі солтүстік ендіктің 37,84 градусы мен шығыс бойлықтың 95,59 градусы түйіскен нүктеде орналасқан. Жерасты дүмпуінің ошағы 10 шақырым тереңдікте болды, – деп мәлімдеді Қытайдың сейсмологиялық желілер орталығы.
Әзірге зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат түскен жоқ.
Айта кетейік, Эгей теңізінде магнитудасы 4,1 балдық жер сілкінісі болды.