Зардап шеккен 11 адамның жағдайы ауыр.
Алдын ала мәлімет бойынша, жер сілкінісі салдарынан 300-ден астам тұрғын үй қираған.
Қазір оқиға орнында жер сілкінісінің салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр. Мамандар қирау ауқымы мен келтірілген шығынды бағалап жатыр.
Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат нақтыланып жатыр.
Бұған дейін Қытай аумағында магнитудасы 4,9 болатын жер сілкінісі тіркелген еді. Жерасты дүмпулері 20 қазанда Астана уақытымен сағат 05:56-да болған. Жер сілкінісінің ошағы 17 шақырым тереңдікте орналасқан.