Қытайлықтар тағы да жерасты дүмпулерін сезді

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының Геофизикалық зерттеулер институтына қарасты Қазақстандық деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, 2026 жылғы 29 маусымда Астана уақытымен сағат 17:33-те (Гринвич бойынша 12:33) Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді.

Фото: Анадолы

Жер сілкінісінің эпицентрі 41,67 градус солтүстік ендік пен 81,23 градус шығыс бойлық бағытында орналасқан.

Жер сілкінісінің магнитудасы — 5,2 (mb), энергетикалық класы — K=11,9.

Бұған дейін Қытайдың сейсмологиялық басқармасы Сычуань провинциясындағы Ибинь қалалық округіне қарасты Гаосянь уезінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісінен кейін төтенше әрекет етудің үшінші деңгейін енгізген болатын. 

Жерасты дүмпуі 29 маусым күні Бейжің уақытымен 00:12-де тіркелді.