Қызылорда әуежайы алаяқтардан сақтануға кеңес берді

Фото: Қорқыт ата әуежайы

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылорда қаласында орналасқан халықаралық Қорқыт ата әуежайының басшылығы алаяқтық қаупі туралы ескертіп, көпшілікке одан сақтануға үндеді.

Мәлім болғандай, белгісіз біреулер әуежай атынан хабарласып, «сәлемдемеңіз келді, төлем жасау қажет» деген мазмұнда жалған ақпарат таратып жүр. 

— Аталған хабарламалар мен қоңыраулар — алаяқтық әрекеттер. Қорқыт ата әуежайы жеке тұлғаларға телефон арқылы хабарласып, сәлемдеме немесе жүк үшін төлем талап етпейді. Азаматтардан күмәнді қоңыраулар мен хабарландыруларға сенбеуді, ақша аудармауды және жеке деректерін бермеуді сұраймыз, — делінген хабарламада.

Еске салсақ, антифрод жүйелерінің көмегімен елімізде 77 миллионнан астам алаяқтық қоңырау бұғатталған