Жалпы адам санының 47%-ы – қала, 53%-ы – ауыл тұрғындары.
- Соңғы 10 жылдың ішінде халық саны 82 мыңға өскені байқалады. Көші-қон әлеуметтік, экономикалық, саяси, экологиялық және сыртқы факторларға сәйкес өзгеріп тұрады. Биыл қаңтар-тамыз аралығында облысымызға тұрғылықты тұру үшін 29876 адам тіркелген. Ал 38095 адам өңірден кеткен. 2025 жылдың қаңтар-тамызымен салыстырғанда облысқа келгендер саны 8,6%-ға көбейгені көрінеді, - деді ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Қайрат Әбсұлтанов.
Есепті кезеңде 9601 сәби дүниеге келсе, оның 4891-і – ұлдар, 4710-ы – қыздар.
- Жалпы біздің өңірдің туу көрсеткіші және табиғи өсімі тұрақты. Облыстар арасында 1000 тұрғынға шаққанда туу көрсеткіші бойынша тұрақты төртінші орындамыз. Өңірде күніне орташа есеппен 40-45 сәби дүние есігін ашады. Ай сайын 1200-1300 балаға дейін дүниеге келеді, - деді ол
Бұған дейін біз 2026 жылдың 1 қазанында Өзбекстанның тұрақты халқының саны 39,54 миллионға жеткенін жаздық.