ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Биыл Қызылорда қаласында Жаңа жылды шыршасын орнатуға ешқандай қаржы бөлінген жоқ. Оған өткен жылы пайдаланылған жасанды шырша қойылады.
Жаңа жыл қарсаңында қала бойынша 5 шырша мен кіші архитектуралық бейнелер қою жоспараланған. Биіктігі 23 метрге құрайтын бас шырша Ы.Жақаев көшесінің бойына орнатылады. Оған қоса 30 кіші архитектуралық пішіндер(арка, жазулар, үйшіктер, бұғылар және өзге де тақырыптық безендіру) қойылады. Қосымша шығындар демеушілер есебінен жүргізіледі.
Жаңа жылдық мереке қарсаңында өзге де іс-шараларды өткізу жоспарлануда. Оның ішінде бас шыршаны жағу рәсімі және мерекелік іс-шара өткізу бар.
Қызылорда қалалық бюджетінен Жаңа жылды тойлау мақсатында 7,1 миллион тенге бөлінген.
Ол Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімдері арқылы жұмсалады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.