Наразылықтың негізгі себебі — жалақыны көбейту және еңбек жағдайын жақсарту.
— Жұмысшылар жалақыны өсіру, тамақ және асуызсу мәселесін көтерген. Мұның барлығы әлеуметтік әріптестік жөніндегі облыстық үшжақты комиссияда қаралып, кәсіпорын басшыларына жұмысшылардың талабын орындау жөнінде ұсыныс берілді. Облыс әкімінің басшылығымен және басқа да құзырлы органдардың араласуымен шұғыл әрекет ету нәтижесінде шешілді. Жалақы кәсіпорындардың бірінде 10,2 пайызға, бірінде 15 пайызға көтерілді, — деді Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Бектемір Жұмағұлов.
Мемлекеттік еңбек инспекторлары жыл басынан бері 87 тексеру жүргізіп, 125 бұзушылықты анықтап, 73 нұсқама берген.
— Жүргізілген тексерулер нәтижесінде еңбек заңнамасы талаптарын бұзғандарға қатысты 13 әкімшілік іс қозғалды. Жалпы сомасы 3,5 млн теңге айыппұл салынды. 217 жұмысшының бұзылған еңбек құқығы қалпына келтірілді, — деді Бектемір Жұмағұлов.
Бұған дейін біз Павлодар өңірінде соңғы үш жылда өндірістегі жазатайым оқиғалардан 20 адам көз жұмғанын жаздық.