Облыстық полиция департаменті хабарлағандай, осы уақытта жол жүрісі қағидаларын бұзудың 1208 дерегі анықталды.
- Оның ішінде 128 автокөлік арнайы айып тұрағына қойылып, 282 көлік құралының мемлекеттік белгісі шешілді. Жолаушы тасымалы саласындағы заңдылықтың сақталуына да ерекше назар аударылды. Тәртіп сақшылары рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік не өзге де қызметпен айналысудың 17, жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзудың 146 фактісін тіркеді. 72 адам көлік басқару құқығынан айырылған. 107 көлік құралы міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген. Жүргізушілер 201 жағдайда рульде келе жатып ұялы телефон ппайдалнған. 385 жағдайда жолаушы мен жүк тасымалдау талаптары бұзылған, - делінген хабарламада.
Ал жуырда Қызылордада жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғантой кортежі сапындағы автокөліктер облыстық полиция департаментінің жедел басқару орталығындағы бейнекамералардың нысанасына ілікті.