Қызылордалық полицейлер 72 есірткі өсіру, 18 өткізу, 6 аса ірі мөлшерде сақтау, 1 есірткі тұтынуға көндіру, 18 есірткі жарнамалаудың жолы кесті.
«Заңсыз айналымға жіберілмеген 1 тонна 355 келі 416 грамм есірткі заты жойылды. Оның ішінде 49,5 келі марихуана, 324,9 грамм синтетикалық есірткі, 1,2 келі гашиш тәркіленіп, 2 фито-зертхана анықталды», — деді Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Серік Тоқтыбаев.
Еске салсақ, Қызылорда облысында биылғы жылдың тоғыз айында жол апаты 39,1, одан жарақат алғандар 41,6 пайызға өскен.
Облыста жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету өзекті мәселеге айналып отыр. Тоғыз айдың ішінде жол апатынан мерт болғандар саны 15,6 пайызға төмендеген.
«Соған қарамастан жол апаты 39,1, одан жарақат алғандар 41,6 пайызға өскен.