Қызылорда облысында биылғы жылдың тоғыз айында жол апаты 39,1 пайызға өскен

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда облысында биылғы жылдың тоғыз айында жол апаты 39,1, одан жарақат алғандар 41,6 пайызға өскен.

Алматыда жол апаты
Фото: Kazinform

Облыста жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету өзекті мәселеге айналып отыр. Тоғыз айдың ішінде жол апатынан мерт болғандар саны 15,6 пайызға төмендеген.

«Соған қарамастан жол апаты 39,1, одан жарақат алғандар 41,6 пайызға өскен. Талдау барысында жол-көлік оқиғалары өсуінің басты себебі ретінде жол қозғалысына қатысушылардың тәртіп сақтамауын атап айтуға болады. Сондай-ақ «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» тасжолының Қызылорда мен Ақтөбе қалалары арасындағы 566 шақырым тәулігіне 9 мың автокөлік жүріп өтеді. Дегенмен республикалық маңызы бар тасжолы 2-категория ретінде бекітілген. Соңғы бес жылда тіркелген көлік құралдарының саны өсіп келеді», - дейді Қызылорда облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ердаулет Жаукеев.

Ведомство мәліметінше, республикалық маңызы бар тасжолда тоғыз айдағы 99 жол апатына үй жануарлары себеп болған. Салдарынан екі адам мерт болып, 14 адам әртүрлі дене жарақатын алған.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада өзгенің көлігін сатып жіберген адам ұсталды.

 

 

Соңғы жаңалықтар