Жергілікті тұрғындар тарапынан өзен немесе каналдардың зерттелмеген жерлеріне шомылу жағдайы кездеседі. Сондай-ақ спирттік ішімдік ішіп суға түсу, балалардың ересектердің бақылаусыз су жағасына баруы оқыс оқиғаның тіркелуіне алып келеді.
«Бұл жөнінен аудандар бойынша Шиеліде - 6, Жаңақорғанда - 4, Қазалыда - 3, Аралда - 1, Сырдарияда - 2, Қармақшыда - 1 адам қаза болса, Қызылорда қаласында 4 адам тілсіз жаудың құрбанына айналды. Олардың арасында байқаусызда суармалы каналға түсіп кеткен, белгісіз жағдаймен, суға шомылу себебінен қаза тапқандар бар. Былтыр 8 айда 29 адам қаза болған еді. Оның 8-де балалардың қазасы тіркелді. Жыл басынан бері су айдындарында 8 адам құтқарылған. Суда адамдардың қаза болуының негізгі себебі - қауіпсіздік ережесін өрескел бұзу», - деді Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының міндетін атқарушы Нұржігіт Тұрғанбай.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада күйіп қалған балалар тікұшақпен Алматыға жеткізілді.