АСТАНА. KAZINFORM - Қызылорда облысы Арал ауданында доңғалағы жарылған жеңіл көлік көше ортасында аударылып қалды.
Оқиға, 15 маусымда сағат 14:00 шамасында Арал қаласында болды.
«Аудан орталығындағы Каюпов көшесінің бойында жергілікті тұрғынның «BMW 520» маркалы автокөлігінің оң жақ алдыңғы доңғалағы жарылған. Салдарынан ол рульге ие бола алмай қалған. Осыған сәйкес ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексімен шара көріліп, тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деп мәлім етті Арал аудандық полиция бөлімінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада ақылы жолда көлік иелерінен 22 млн теңге берешек өндірілді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.