Оқиға Қызылорда облысы Арал ауданында болды. Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Тойота» автокөлігін тоқтатқан сәтте киік жануарын заңсыз тасымалдаған төрт адам қолға түсті.
- Көлікті тексеру барысында автокөліктің артқы орындығынан тіркелмеген қару табылды. Оған қоса прожектор, 2 дана «PUXING» үлгідегі рациялары, арқан жіп айғақ заттар ретінде алынды. Сондай-ақ автокөлік тіркемесінен 19 киік жануарының өлі денесі тәркіленді. Аталған факті бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде. Онда жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу жағдайы көрсетілген. Күдіктілерге қатысты сот «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасын санкцияланды, - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.
Еске салсақ, Қызылордада мектепте сыныптасын ұрған баланың анасы айыппұл төлейтін болды.