Қызылордада мектепте сыныптасын ұрған баланың анасы айыппұл төлейтін болды

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылордада мектепте сыныптасын ұрып, денсаулығына орта зиян келтірген оқушының ата-анасы айыппұл төлейтін болды.

төбелес
Фото: Pixabay

Облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабы 3-бөлігімен азаматшаға қатысты іс қаралды. 

— Оның баласы сабақ біткен соң кәмелетке толмаған оқушыны әжетхана ішінде жұдырығымен бет тұсынан ұрған. Салдарынан оған денсаулығына орта зиян келтірілгені анықталған. Азаматша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен келісетінін, баласының әрекетіне өкінетінін білдірді. Соттан жеңіл жаза қолдануды сұрады. Сот қаулысына сай ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылды. Оған 55 мың теңге көлемінде айыппұл салынды, — деп мәлім етті облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордалық полицейлер тұрғын үйден 6 млн теңгені ұрлап кеткен күдіктіні ұстады.

Соңғы жаңалықтар