ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Ауа райының қолайсыз болуына байланысты «Қызылорда-Павлодар-Успенка» автомобиль жолының бірқатар бөлігіне шектеу қойылды.
Бүгін, 10 наурызда сағат 08.40-тан бастап республикалық маңызы бар «Қызылорда-Павлодар-Успенка» автомобиль жолының 12-216 шақырым аралығына көліктің барлық қозғалысына уақытша шектеу қойылды.
«Ұлытау облысында ауа райы нашарлауы байқалып тұр. Жаңбырдан кейін жолдың жоғарғы қабаты бұзылған. Осыған байланысты республикалық маңызы бар «Қызылорда-Павлодар-Успенка» автомобиль жолының Қызылорда қаласының шекарасынан бастап Ұлытау облысының шекарасына дейінгі аралықта көліктің барлық қозғалысына уақытша шектеу қойылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын жаңбырдан кейін Арал қаласының көшелерін су басты.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.