Жаңбырдан кейін Арал қаласының көшелерін су басты

Арал
Фото: видеодан алынған скрин

АСТАНА. KAZINFORM - Қызылорда облысы Арал қаласында жауған нөсер жаңбыр салдарынан көшелерді су басып қалды.

Мәліметтерге сүйенсек, түнде нөсер жаңбыр жауған. Салдарынан қала көшелерін суға басқан.

«Тазалық жұмыстары Арал қаласы әкімі аппаратының қатаң бақылауына алынды. Қала тазалығына жауапты мердігер мекемеге тапсырма берілді. Қазіргі таңда аталған көшеге су тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлық көше рет-ретімен тазартылады», - деп мәлім етті Арал қаласы әкімдігінен.

Арал қаласы Қызылорда облысы аумағына кіреді. Аудан орталығында 30 мыңнан астам халық тұрады. 

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада талға соғылған жеңіл көлік толығымен жанып кетті.

Соңғы жаңалықтар